СапПин бойынша тыйым салынған өнімдердің тізімі

Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

 

  • қатық, сүзбе, айранды;
  • туралған ет қосылған құймақтарды;
  • флотша макаронды;
  • зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
  • кремі бар кондитерлік өнімдерді;
  • тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
  • морстар, квастарды;
  • фритюрде қуырылған өнімдерді;
  • шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
  • күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
  • окрошканы;
  • саңырауқұлақтарды;
  • өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
  • тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
  • газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
  • фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
  • ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
  • мыналарды:
  • пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
  • суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
  • ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
  • тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
  • механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
  • құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
  • сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
  • генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
  • йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.