12 ақпанда мектепте Ауған соғысының ардагері Карагизов Жанат Қылышбаевичпен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған кездесу өтті. Қонақ өз естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға 35/17 әскери бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі командирдің орынбасары Нұрлан Өтеген қатысты. Кездесуді алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Искаков Ж.К. ұйымдастырды. Кездесу жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталды.

12.02.2026
Просмотров: 42


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу