Халықаралық волонтерлер жылы аясында мектебіміздің оқушылары «Кітаптар ауруханасы» атты қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты. Акция барысында оқушылар ескі, жыртылған кітаптарды жөндеп, оларға жаңа өмір сыйлады. Бұл бастама балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Әрбір жөнделген кітап — білімге жасалған қамқорлықтың жарқын көрінісі.